"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ № 4 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА АТБАСАР ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас Ұрпақ» қатарына қабылдану

06.05.2026

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 5 мамырда қала мектептерінің оқушыларын «Жас Ұрпақ» балалар-жасөспірімдер қозғалысының қатарына қабылдауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара жас ұрпақтың бойында жоғары адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, ел заңдарына құрметпен қарауға, жауапкершілік пен тәртіптілікке тәрбиелеуге бағытталды.

«№4 жалпы білім беретін мектеп»КММ-нің 6-сынып оқушылары Жұманалина Тахмина, Абдуллина Хаят, Малых Альбина іс-шараға белсенді түрде қатысты.

Оқушылар «Жас Ұрпақ» ар-намыс антын қабылдап, өздерінің құрдастарына үлгі болуға, қоғамдық өмірге белсене араласуға дайын екендіктерін көрсетті.

«Жас Ұрпақ» қатарына қабылдану – мектеп оқушыларының дамуы үшін маңызды қадам болып табылады және олардың жауапкершілік сезімін нығайтады.

Просмотров: 25


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст