Текст
06.05.2026
2026 жылғы 30 сәуірде «№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Мектеп директоры Ақанова Р.А. мерекемен құттықтап, табыс, амандық, бейбітшілік пен жақсылық тіледі. Оқушылар өз өнерлерінде бейбітшілік, құрмет, достық сияқты ұғымдардың әр тілде әртүрлі айтылғанымен, мағынасы ең маңызды екенін жеткізді. Әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін бір нәрсе бар: «Біз – Қазақстан халқы».