Текст
01.06.2026
Жасөспірімдердің есірткі мәселелері туралы ақпараттану деңгейін арттыру, психоактивті заттарды қолданудың салдары туралы түсіндіру мақсатында 2026 жылғы 28 мамыр күні 9-сынып оқушыларына «Таңдау әрқашан бар!» тақырыбында квест-ойын өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар салауатты өмір салты, есірткіні қолданудың зияны мен салдары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар «Есірткі. Манипуляция құпиялары» атты бейнероликті тамашалады. Бейнероликтен кейін оқушылар адам баласының зиянды әдеттер мен түрлі азғыруларға қарсы тұруы үшін қандай мінез-құлық қасиеттері болуы керектігін анықтады.