Текст
01.06.2026
Жаздың алғашқы күні Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Осы көңілді де қуанышты мерекеде қала орталық алаңында концерттік-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
«Көңілді старттар» жарысында 4–6 сынып оқушыларынан құралған команда қала мектептері арасында II орынға ие болды. Оқушылар жеңіске жету үшін ерік-жігердің мықты болуы, ептілік пен тапқырлық қажет екенін түсінді.
Бұл тамаша мереке балалардың жадында ұзақ сақталады. Барлығы көтеріңкі көңіл-күй мен мол әсер алды.