Текст
21.07.2026
9 шілде күні «Чемпиондар» үшінші маусымындағы қызықты алаң өз жұмысын жалғастырды.
Күн дәстүр бойынша сергітетін таңғы жаттығудан басталды.
Одан кейін оқушыларға «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Балалар су айдындарында демалу кезінде сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік шаралары мен тәртіп ережелерін еске түсірді.
Осыдан кейін қатысушылар «Микки Маус» ойын алаңына серуенге барып, көтеріңкі көңіл күймен уақыттарын қызықты әрі көңілді өткізді.
Күн қызықты, белсенді әрі пайдалы өтті!