Текст
29.07.2026
Бүгін КММ «№ 1 ЖББМ» базасында волейболдан жолдастық турнир өтті. Аула клубына қатысатын оқушылар жарысқа үлкен қызығушылықпен қатысып, командалық бірліктерін, спорттық жігерлерін және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Турнир достық атмосферада өтіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл күй, жаңа әсерлер сыйлап, уақытты қызықты әрі пайдалы өткізудің тамаша мүмкіндігі болды.