Текст
29.07.2026
2026 жылғы 28 шілдеде КММ «№2 ЖОББМ» базасында аула клубтарының тәрбиеленушілері арасында волейболдан турнир өтті. Қатысушылар ұйымшылдықтарын, спорттық шеберліктерін және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Турнир достық жағдайда өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсер сыйлап, спорттық дағдыларын шыңдауға мүмкіндік берді.