Жаңа оқу жылының басында Атбасар қаласының № 4 ЖББМ КВИ бойынша карантиндік шараларды сақтай отырып, мектеп асханасында оқушыларды тамақтандыру ұйымдастырылды. Оқушылар асханаға кесте бойынша барады.
Тегін ыстық тамақпен 20 бірінші сынып оқушысы және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 38 оқушы қамтылған. Маусымдық мәзір екі апталық. Асхананы жалға алушы А. М. Кусаинова қазан айынан бастап тегін тамақтануға оқушылар саны жаңадан болады. Себебі: тегін тамақтану бойынша Мемлекеттік қызмет әрбір жаңа оқу жылына көрсетіледі. Оқушылардың ата-аналары осы мемлекеттік қызметті ресімдеу үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын есептеу үшін 25 қыркүйекке дейін жұмыспен қамту орталығына жүгінуі қажет. АӘК алушылар автоматты түрде материалдық көмекке мұқтаж азаматтардың электрондық базасына енгізілді.
Мектеп асханасында стендтер безендірілген. Асхана қызметкерлері ауыз су режимін ұйымдастырды. Мектеп әкімшілігі Кусаинова Айсұлу Мұратқызына, аспазшы және асхананың барлық қызметкерлеріне адал еңбегі үшін алғыс білдіреді.