Текст
Жыл сайын 5 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі атап өтіледі. Қазақстанда бұл мереке бейбітшілік пен келісім саясаты деңгейінде тарихи қалыптасқан этносаралық қарым-қатынас үлгісінің көрінісіне айналды. Қазақстан халықтарының тілдері апталығы аясында 1-9 сынып оқушылары арасында қазақтың қоғам қайраткері, ағартушы, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған жалпы мектепішілік сап түзеу өтті.
Мектеп директоры Ашкенова А.К. тіл білу мен тілдерді үйренудің маңыздылығына тоқталып, оқушыларға тіл үйренудегі жетістіктері үшін мадақтау грамоталарын табыс етті.