Жаңа жыл-барлық балалар мен ересектердің асыға күтетін және дайындалатын ең сүйікті мерекесі. Жаңа Жылды қарсы алуға аз ғана уақыт қалды. 27 желтоқсанда "ОМ4" КММ базасында Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Ертегіде қонақта" мерекелік іс-шарасы өтті. Жақсы дәстүр бойынша Атбасар ауданының әкімі Калжанов А.А. және аудандық мәслихат хатшысы Комбатуров Б.Т. балаларды құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтар мен ойыншықтар табыс етті. Мұғалімдер мен оқушылар ертегі кейіпкерлеріне айналып, нағыз ғажайыптар жасады. Жаңа жылдық ойындарға құрметті қонақтар Атбасар ауданының білім бөлімі"ММ басшысы Наймушина Н.Г., Атбасар ауданының ата-аналар қауымдастығының төрағасы Садвокасова Б.М. белсенді қатысты. Аяз Ата мен Ақшақар барлығын келе жатқан 2023 жылмен құттықтады. Балалар жаңа жылдық іс-шараға үлкен ықыласпен қатысты.