Текст
Мектепте жолда жүру ережесін меңгеру өмірлік қажеттілік болып табылады, өйткені дәл мектепте бала жолда жүрудің қарапайым ережелерін игеріп қана қоймайды, сонымен қатар жолда қауіпсіз жүріс-тұрыстың маңызды ережелерін де меңгереді. ОМ4 КММ 2 сыныпта балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Жол белгілері елінде» атты іс-шара өткізілді. Проблемалық жағдайларды сахналау арқылы көлікте және жолда өзін-өзі ұстау ережелері бекітілді.