27.01.2023
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы аясында 1-4 сыныптар арасында «Қазақ халқының ертегі әлеміне саяхат» атты сурет сайысы өтті. Қазақ халық ертегілері — ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Сайыстың мақсаты: Қазақ халқының шығармасы, халық мұрасымен таныстыру. Оқушылардың ертегіге, кітап оқуға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру. Ертегі кейіпкерлері дүниесімен тереңірек танысу, оқушыларды ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу, дүниетанымын кеңейту. Ой ұшқырлығына, білімпаздыққа, ұйымшылдыққа баулу. Бастауыш сынып оқушылары шығармашылық сайысқа белсенді қатысты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Текенова С.К., Кайратова Ж.М.