Текст
28 ақпан күні "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу" облыстық семинарының қатысушылары "Ом4"КММ мектеп мұражайына барды. Тарих пәнінің мұғалімі Коваленко О.В., 9 сынып оқушылары мектеп тарихы, педагогикалық еңбек ардагерлері, спорттық жетістіктері туралы әңгімеледі.