Текст
2023 жылғы 10 наурыз күні "№4 ЖББМ" КММ базасында Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің педагог - психологтарының психологиялық студиясы өткізілді.
"№2 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ педагог – психологы Досмуханова Г.К. өзінің жұмыс тәжірибесімен "жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу" тақырыбындағы баяндамасымен, "№8 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ педагог – психологы Мулдахметова Г.Н. "тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Өз құқықтарыңызды біліңіз!» тақырыбындағы баяндамасымен бөлісті.