Текст
2023 жылдың 24 наурызында № 4 жалпы орта білім беретін мектепте жалпы мектеп жоспарына сәйкес педагогикалық кеңес өтті. 2022-2023 оқу жылының 3 тоқсанының қорытындысы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тулеуова А.К. сөз сөйледі. Екінші мәселе бойынша мектеп директоры Ашкенова А.К. БАБЖМ-оқыту сапасын бақылаудың тәуелсіз құралы екенін атап өтті. Слайдтарда 4,9 сынып оқушыларының БАБЖМ тапсыру форматы көрсетілді, өткізу уақыты, алғашқы сынақ тестілеуінің қорытындысы айтылды. Сөз сөйлеген пән мұғалімдері оқушыларды БАБЖМ дайындаудың нұсқаларын ұсынды. Психолог оқушылардың эмоционалды күйзелісін жеңілдету бойынша ұсыныстар берді.