Текст
9 қараша күні «ОМ №4» КММ қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында Кайратова Ж.М. 4 сыныпта ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Базарлық. Сабақты ұйымдастыру психологиялық ахуалдан басталды, «Додекаэдр» әдісі бойынша оқушылар көңілді жаңылтпаштарды оқыды. Үй жұмысы «Құпия ұяшықтар» арқылы тексерілді. Жаңа тақырып аудио және видеоматериалдармен түсіндірілді. Сабақ барысында айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар болды. Тапсырмалар «әжемнен базарлық», «жұмыртқа» әдістерімен берілді. Рефлексия «ара», бағалау «баскетбол» әдістерімен жүргізілді. Сабақ жаңа технологиялармен қызық өтті.
Мұғалімі: Кайратова Жайнагуль Манарбековна.