Текст
13 ақпанда шағын орталықта
"Менің тату отбасым!" тақырыбында сурет байқауы мен көрмесі ұйымдастырылды.
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
* бейнелеу өнері саласындағы дарынды балаларды анықтау және қолдау, олар үшін өздерінің шығармашылық қызметінің нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік жасау;
* шығармашылық қиялды дамыту және эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу;
* шындықты көркемдік түсіну сезімін дамыту, біз өмір сүріп жатқан уақыттың белгілерін көркемдік бейнеде білдіру, тәрбиеленушілердің рухани мәдениетін қалыптастыру;
Байқауға ересек топ тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары қатысты.