Текст
24.05.2024
Оқушылардың педагогикалық еңбекке деген құрметін, білім алуға деген ұмтылысын және оқу жылындағы жетістіктерін объективті бағалау қабілетін қалыптастыру мақсатында 2024 жылғы 24 мамырда "жалпы орта білім беретін мектеп 4" КММ 1-10 сынып оқушылары үшін
"Білімім - Отаныма" бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Тұжырымдамаға сәйкес оқушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады, білім алушыларға құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Білім Министрінің сөз сөйлеуі тыңдалды, 2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері туралы бейнероликтер көрсетілді.
Мектеп директоры Ашкенова А.К. оқу жылының аяқталуымен құттықтап, 1-4 сынып оқушыларына мақтау қағаздары мен төсбелгілерін табыс етті, тамаша демалыс тіледі.