Текст
5-8, 10 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша аралық аттестаттау жалғасуда. 2024 жылдың 30 мамырында "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 8 сынып оқушылары емтиханға келді. Атбасар ауданы кәсіподағының жетекшісі Едрисова Р.Б. 8 сынып оқушыларын емтиханмен құттықтады. Роза Балгенженовна аралық аттестаттаудан сәтті өтулерін тіледі. Емтихан материалының конверті уақытылы ашылды. Емтихан алушы-Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текенова С.К., ассистенттер Ашкенова А.К., Кайратова Ж.М. - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері.