Текст
5-8, 10 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша аралық аттестаттау аяқталады. 2024 жылдың 31 мамырында "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі № 4 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 10 сынып оқушылары емтиханға келді. Білім бөлімінің әдіскері Амирова Жанар Бериковна және мектеп директоры Ашкенова Айым Кайратовна 10 сынып оқушыларын емтиханмен құттықтап, аралық аттестаттаудан сәтті өтулерін тіледі. Емтихан материалының конверті уақытылы ашылды. Емтихан алушы-Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Текенова С.К., ассистенттер Ашкенова А.К., Кайратова Ж.М. - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері.